№ 48 мектеп- қосымша білім беру орталығында STEM зертханасы ашылды
2020 оқу жылының қыркүйегінде № 48 мектеп- қосымша білім беру орталығында STEM зертханасы өз жұмысын сәтті бастады. Салтанатты ашылу рәсіміне қалалық білім бөлімінің басшысының м. а. С. Алагузова мен әдіскерлер кабинетінің меңгерушісі А. Нурпеисова қатысты. Мақсаты: STEM зертханасының мүмкіндіктерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың IT құзыреттіліктерін дамыту. Кездесу барысында STEM- оқыту үдерісін ұйымдастыру бойынша нақты бағдарлама ұсынылды. Пән мұғалімдері сабақ барысында ROQED, Makeblock, Mbot, XY Plotter ROBOT KIT V2.0, Lego Mindstorms education EV3, Ultimateb2.0 жұмыс жасау жолдары бойынша шебер-сыныптар көрсетті. Сәттілік тілейміз!