Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

№ 15 «Рахат» балабақшасында «Тұзды үңгір» бөлмесі ашылды

2020 жылдың 25 қыркүйегінде № 15 «Рахат» балабақшасында «Тұзды үңгір» бөлмесінің салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына қадірлі қонақтар шақырылды. Ашылу рәсімі мен лентаны кесу рәсімінен кейін қонақтарға балабақша бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

«Тұзды үңгір»  бронхит, жүрек аурулары, демікпе және аллергия сияқты аурулардан емдейді. Балабақша тәрбиеленушілердің педиатрдың анықтамасын ұсынғаннан кейін 15 күндік емдеу курсынан өтуге мүмкіндігі бар. Зор денсаулық тілейміз!