Қаланың білім беру ұйымдары басшыларының кеңесі өтті
2020 жылдың 25 қыркүйек күні Өскемен қаласының білім беру бөлімінде білім беру ұйымдарының басшыларымен қашықтықтан кеңес өтті. Модератор, білім бөлімі басшысының м.а. Сауле Алагузова күн тәртібінде қаралатын сұрақтарды атап өтті.
Қала мектептерінде оқу үрдісін ұйымдастыру туралы қалалық әдістемелік кабинет басшысының м.а. А. Нурпейсова айтып берді. Айбарша Зейноллановна қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру сапасын жақсарту мәселелеріне баса назар аударды.
Әдіскер Н. Капчикова қала мектептері педагогтарының "Kundelik" электрондық журналын, "Online Mektep" білім беру платформасын толтыру мониторингі туралы айтты. Нургуль Тлеубековна электрондық журнал жүргізу орта білім беру ұйымдары педагогтары үшін міндетті қатаң есептілік құжат болып табылатынын атап өтті.
Қаланың балабақшалары мен мектептеріндегі білім беру қызметін кадрлық қамтамасыз ету туралы әкімшілік секторының маманы А. Булжанова талдау жасады.
Сондай-ақ, кеңес барысында мектептерді қабылдау, қаланың білім беру ұйымдарын күрделі және ағымдағы жөндеу қорытындылары бойынша мәселелер қаралды.
Қорытынды шығару кезінде Сауле Бауржановна білім берудегі бар мәселелерді жою бойынша жұмыс қажеттілігіне және қаланың білім беру ұйымдарында білім беру үрдісінің сапасын арттыру үшін барынша күш-жігер жұмсауға назар аударды.