«Жас оқу ісінің меңгерушілері» мектебі
Білім бөлімінің жоспары бойынша 2020 жылдың 30 қыркүйегінде «Жас оқу ісінің меңгерушілері» мектебінің вебинар отырысы өтті.
Іс - шараға 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар Өскемен қаласы мектептері директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
№ 26 мектептің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Милкина нормативті - құқықтық актілерді қолдану тәжірибесімен, ал № 47 жалпы білім беретін орта мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары З.К.Кадирова мектепішілік бақылауды ұйымдастыру туралы іс - тәжірибелерімен бөлісті.