Жас директор мектебі
Білім бөлімінің жоспары бойынша 2020 жылдың 23 қыркүйегінде Жас директор мектебінің вебинар отырысы өткізілді.
Іс-шараға 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар Өскемен қаласының мектеп директорлары қатысты. № 37 мектеп директоры И.Г. Грачева, қалалық әдістемелік кабинетінің әдіскері Т. К. Туменбаев нормативтік - құқықтық актілерді қолдану тәжірибесімен бөлісті. № 46 мектептің даму жоспарымен № 46 мектеп директоры, "Табысты менеджер-2020" қалалық байқауының жеңімпазы Г. Б. Ауганбаева таныстырды.