Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Қашықтықтан оқытуда кездескен  қиындықтар және   оны шешу жолдары» тақырыбындағы онлайн семинар конференция туралы

30.09.2020 жылы Өскемен қаласы әкімдігінің  «Мұхамет Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебі» КММ  қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің комиссиясы тарапынан «Қашықтықтан оқытуда кездескен қиындықтар және оны шешу жолдары» атты қалалық онлайн семинар конференция өтті.

Семинарға қала мектептерінің тіл мамандары мен қалалық оқу бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша әдіскері Скакова Зульфира Сатыбалдиновна қатысты.

 Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Э.С.Сейтмухамбетова қашықтықтан оқытудағы қиындықтар мен оны шешу жолдары қалай қарастырылып жатқанына тоқталып өтті. Пән мұғалімдері А.Ш.Дүкенбаева, А.М.Мухамадиева,  Г.С. Сағындыкова,  Г.К.Иганова  білім  алушыларды  онлайн оқытуда қолданып жатқан білім беру ресурстарымен таныстырып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.