«Күнделік» электрондық журналын толтыру мәселелері
Бүгін білім беру бөлімінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен «Күнделік» электрондық журналын толтыру» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинар барысында «Күнделік» жүйесінде есептерді қалыптастыру, әкімшілердің, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің, ата-аналардың және оқушылардың электрондық журналда жұмыс істеу барысы туралы мәселелер қаралды. Бірлескен жемісті жұмыс барысында сындарлы пікір алмасу болды.