Онлайн оқыту платформалары талданды
«Өскемен – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі оқушыларды қашықтықтан оқытуға мониторинг жүргізу (онлайн оқыту платформаларын талдау) мақсатында қалалық білім беру бөлімінің алаңында кездесу өткізді. Кездесуге аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Ж. Кусаинова, «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, Өскемен қаласының білім беру бөлімінің әдіскері Н. Капчикова және мектеп ұстаздары мен оқушылардың ата-аналары қатысты.
Өскемен қаласының білім беру бөлімінің әдіскері Нүргүл Капчикованың айтуынша:
- Қашықтықтан оқыту жүргізілетін бірнеше платформалар бар, олар Kundelik.kz. Көптеген мұғалімдер, балалар мен ата-аналар бұл жүйені жақсы біледі. Екінші платформа – OnlineMektep. Өскемен қаласындағы барлық мектептер осы онлайн платформаларды пайдаланады. OnlineMektep платформасында барлық пәндер бойынша қажетті білім алуға мүмкіндік беретін дайын бейне сабақтар, мультимедиялық ресурстар бар.
Жұмысты тікелей көрсету арқылы қоғамдық бақылау жүргізу барысында онлайн платформа деректерінің қаншалықты сапалы жұмыс істейтіндігі, олардың мүмкіндіктері, мұғалімдер мен оқушылардың қамтылуы, интернет-қосылыстың жылдамдығына тәуелділігі талданды.
Мониторинг нәтижелері бойынша кездесуге қатысушылар оқыту онлайн-платформаларының жұмысына оң баға берді.