Қазақстан әкелерінің республикалық форумы бойынша баспасөз-анонсы
«Әке институтын қолдау және дамыту жөніндегі шаралар кешені» әлеуметтік жобасы аясында ата-ана құзыреттілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілген, атап айтқанда, балаларды тәрбиелеудегі әкелердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар, Қазақстан өңірлерінде 6 дөңгелек үстел өткізілді және әке болу институтын қолдау және дамыту бойынша ұсыныстар жиналды, www.bestpapa.kz сайты іске қосылды, ол Қазақстанның үздік әкелерінің қауымдастығын жинады. Жоба аясында психологтармен тегін кеңестер өткізілді. Нәтижесі - бақытты ата-аналар-бақытты балалар. Позитивті ата-аналық пен әкелікке бағытталған байқаулар мен челлендждер өткізілді. Жобаның негізгі және маңызды оқиғаларының бірі – «Республикалық Әкелер форумы», форумды ұйымдастырушылар-Еn Baqytty El ҚҚ @en_baqytty_el.
Форумда Қазақстанның үздік спикерлерінің саналы әке болу және позитивті ата-ана болу тақырыбында сөз сөйлеуі күтіледі.
ТМД-дан әкелердің одақтары әкелік және әкелермен жұмыс тәжірибесімен бөліседі. 2020 жылғы әкені марапаттау, форум кезінде ұтыс ойындары және сыйлықтар болады.
Республикалық әкелер форумы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Әке институтын қолдау және дамыту жөніндегі шаралар кешені» әлеуметтік жобасының шеңберінде өткізіледі.
#qogamgov #cisc2020 #enbaqyttyel