Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласының білім беру ұйымдарында сабақтар тоқтатылатын температура мен қолайсыз ауа райы жағдайларында ұсынылатын көрсеткіштер

1. Ауа температурасының  төмендегідей  көрсеткіштерінде сабақтарды тоқтату:

1) желдің жылдамдығы секундына 2 метрге дейін болғанда:

минус 28°С және одан төмен 0 - 4 сыныптарда;

минус 32°С және одан төмен 0 - 9 сыныптарда;

минус 34°С және одан төмен 0 - 11 сыныптарда.

2) желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан астам болғанда:

минус 23°С және одан төмен 0 - 4 сыныптарда;

минус 27°С және одан төмен 0 - 9 сыныптарда;

минус 29°С және одан төмен 0 - 11 сыныптарда.

2. Мектеп оқушылары үшін желді есепке алмай минус 17 °С және одан төмен температурада  ашық ауада сабақ өткізуге тыйым салынсын.

3. Қолайсыз метеожағдайлар: көктайғақ, қатты жел (желдің орташа жылдамдығы 11-14 м/с - 40 км/сағ жоғары)  кезінде мектеп оқушылары  сабақтан босатылсын.