Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Елбасы жолы – ел тарихы!»  атты конференция

23 қараша күні Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде «Жас Ұлан» мектепішілік ұйымының ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы жолы – ел тарихы!» атты конференция өткізілді.

«Елбасы жолы – ел тарихы!» атты конференцияның ашылуымен оқушыларды, ұстаздарды мектеп директоры Садыков Базарбек Омарғалиұлы құттықтады. Тәуелсіздік жолындағы Елбасының еңбегі туралы деректі фильм оқушылар назарларына ұсынылды.

Конференция барысында жас ұрпаққа Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі- өнеге ету мақсатында 7-10-сынып оқушылары «Елбасының балалық шағы», «Елбасының еңбек жолы», «Елбасының хоббиі», «Тәуесіздік жолындағы жетістіктер» тақырыбында баяндамалар мен таныстырылымдар жасады.

Конференция барысында  «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы Махамбетов Ілияс Ұлт көшбасшысының ерен еңбегі туралы ой толғауын білдірді.  Конференция соңын тарих пәнінің мұғалімі, тәрбие ісінің орынбасары қорытындылады.  Конференцияға  жан – жақты дайындалып қатысқан 8 оқушы Алғыс хаттармен марапатталды, жалпы тыңдаушылар  7-10 – сыныптардан 58 оқушы және ұстаздар болды.