Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Елбасы-Тәуелсіздік тірегі» атты ашық шара өткізілді

27 қараша  күні  №35 орта мектебі 10 «В» сыныбында «Елбасы-Тәуелсіздік тірегі» атты  ZOOM платформасы арқылы ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақты тарих пәнінің мұғалімі Есенбаева Шолпан Закарьяновна жүргізді. Сабақ барысында  слайд, бейнероликтер арқылы  Елбасының тағылымды өмірі мен ел тәуелсіздігі жолында атқарған еңбектері жан-жақты насихатталды. Оқушылар Елбасының  салиқалы саясатын жан-жақты талдап, халықтар достығы жайлы, ел болашағы жайлы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, сабақ барысында  жетістікке жетудегі шыншылдық, адалдық қасиеттердің алатын орны айтылып, қазіргі заман адамына тән мінез -құлықтар сөз болды.  Сабаққа 23 оқушы, 5 ата-ана, 10 мұғалім қатысты. (Өткізілген шара туралы ақпарат School35_uk (инстаграмм), 35-oskemen.mektebi.kz ( мектеп сайты), .https: //www.facebook.com/ school35uk (фейсбук) сияқты әлеуметтік желілерге салынды)