Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізген ашық іс-шарасы

2020 жылдың 30 қарашасында Өскемен қаласы әкімдігінің «№37 көпбейінді орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ZOOM платформасында онлайн режимінде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына оқушыларды салтанатты түрде қабылдау өтті. Мектептің 30 оқушысы осы ұйымның қатарына қосылды. Іс-шараныңмақсаты – өскелең ұрпақты Отанның патриоты, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына қатысты жауапкершілікті азаматтар ретінде тәрбиелеу.

Салтанатты іс-шараға директор, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аға вожатый, Жас Ұланға қосылатын оқушылар және мектеп комитетінің мүшелері қатысты.

Мектеп әкімшілігі Грачева Инна Геннадьевна жәнеЧеркасова Наталья Валерьевна құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара барысында аға вожатый Мыркасымова Азина Ерболқызы оқушыларды балалар-жасөспірімдер ұйымының негізгі ережелерімен таныстырды және бұл іс-шараның мектеп оқушылары үшін маңыздылығы туралы әңгімеледі. Мектеп комитетінің Ұланбасы Исакова Кристина Жас Ұлан мектеп комитетінің қызметі туралы баяндамамен шығып сөз сөйледі.

Іс-шара соңында «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ-ға қабылданған оқушылар «Жас Ұлан» біріккен балалар ұйымы» РҚБ заңдары талап еткендей, өз Отанын сүюге және қастерлеуге, өмір сүруге және оқуға уәде беретін ант берді.