Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Шыршаны сақтайық» атты өлкетану-экологиялық қалалық акция-челленджі

"Оқу-зерттеу экобиоорталығы" 2020 жылдың 18 желтоқсанынан 2021 жылдың 10 қаңтарына дейін Өскемен қаласы мектептерінің 5-7 сынып оқушылары үшін «Шыршаны сақтайық» атты өлкетану-экологиялық қалалық акция-челленджін ұйымдастырды.

Мақсаты: жаңажылдық мереке кезеңінде қылқан жапырақты ағаштарды сақтау жөніндегі қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын белсендіру.    

Эко-челлендж тапсырмасы бойынша мектеп оқушыларына жаңа жылдық безендіру үшін кез-келген материалдан (қағаз, жылтырақ зер, бүршіктер, кәмпиттер және т.б.) шығармашылық әдіс көрсете отырып шырша жасау  және ұялы телефонға 1 минуттан аспайтын бейнеролик түсіру керек.

Толық ақпарат алу үшін ecobiocentre@list.ru электронды мекен-жайына жазуыңызды сұраймыз.