Семинар-практикум «Электрондық білім беру ресурстары арқылы БЖБ және ТЖБ ұйымдастыру және өткізу»
2020 жылдың 11 желтоқсан күні білім беру бөлімінде жас мұғалімдерге арналған «Электрондық білім беру ресурстары арқылы БЖБ және ТЖБ ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Білім бөлімінің әдіскері Н.Капчикова қашықтықтан оқыту жағдайында жиынтық критериалды бағалауды ұйымдастыру және өткізу туралы айтты. Ол қашықтықтан оқыту жағдайында оқу процесін реттейтін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарына тоқталды.
Семинар барысында мұғалімдер Г.Мамежанова (No26 ом), А.Баймухырова (No16 ом), С.Калеева (No26 ом), А. Сейтханова (№ 16 ом) «Онлайн мектеп» платформаларын, Google формалары арқылы БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу және қолдану бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында қатысушылар оның өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті.