Білім бөлімінің әдістемелік кеңесінің отырысы
2020 жылдың 23 желтоқсанын күні білім бөлімінде ҒМБ және ҒЖБ пәндеріне жетекшілік ететін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен әдістемелік кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді.
Қалалық әдістемелік кабинет басшысы А. Нурпеисова бірінші тоқсанда қала мектептерінің оқушыларының білім сапасының қорытындысын талдады. Қашықтықтан оқыту жағдайындағы пәндер бойынша білім сапасын басқарудағы мектеп әдістемелік қызметінің рөлі туралы білім беру бөлімінің әдіскері Н. Капчикова айтып берді. Әдістемелік кеңестің практикалық бөлімінде № 27 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары С.Таныбавеа, К. Мункенова өз тәжірибелерімен бөлісті. Әдістемелік кеңестің қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.