Мектеп түлектеріне арналған «Өзіңді басқара біл» атты тренинг элементтері бар сабақ
Өскемен қаласы мектептерінің педагог-психологтары «Кіші академия» аясында 11 сынып түлектерінің арасында каникул кезеңінде емтихандарда стресске төзімділікті қалыптастыру, алаңдаушылықты, шиеленісті жеңу бойынша «Өзіңді басқара біл» тренингі элементтерімен қашықтықтан сабақтар өткізді.
Кез - келген емтихан - бұл стресс. Кейбір жасөспірімдер өздерінің эмоцияларын жеңе және басқара алмаса, енді біреулері өздерін тыныштандыра алмауы мүмкін, ал тағы біреулері шамадан тыс қорқыныш пен көз жасына ерік береді.
Психологтар жасөспірімдермен бірге емтихан стрессін жеңудің ережелері мен әдістерін қарастырады. Нәтижесінде балалар өздері үшін ең тиімді деп санайтын әдістер мен ережелерді таңдайды. Өйткені, емтихан тапсыру кезінде өзін - өзі басқару қабілеті өте маңызды және мұның өзі әртүрлі өмірлік жағдайларды шешуге көмектеседі.