Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

9 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау

6 қаңтар 2021 жылы қаланың білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған 9 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға дайындық туралы кезекті вебинары болып өтті.

Вебинар барысында қорытынды аттестаттаудың барлық өзекті мәселелері қаралып, негізгі сұрақтарға жауап алынды.

Қорытынды аттестаттау туралы вебинарды Білім және ғылым министрлігінде сарапшы ретінде жұмыс жасаған мұғалімдер жүргізді. Олар қазақ мектептері үшін педагог - зерттеуші Д.Б.Сатенбаева, орыс мектептері үшін педагог - зерттеуші А.З.Карагева.

 Мұғалімдер орта білім беру ұйымдарында 9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға дайындаудан ткізудің тәртібі туралы нұсқаулықпен таныстырды.

Вебинар жоғары дәрежеде өтті.