Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындық бойынша кіші қысқы Академияның сабақтары

2021 жылғы 6, 8 қаңтар күндері білім беру бөлімінде қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындық бойынша кіші қысқы Академия сабақтары өткізілді. Іс-шараларға қала мектептерінің оқушылары, "Алтын белгі" белгісіне және үздік аттестат үміткерлері қатысты. Педагогтер негізгі пәндер мен таңдау пәндері бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Олар  ҰБТ тапсыру кезінде түлектерге қиындық тудыратын мәселелерге тоқталды.