«Қайрат оқулары» патриоттық- шығармашылық байқауы
Қалалық білім беру бөлімінде патриоттық тәрбие айлығының аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Тәрбие және білім» бағыты бойынша жалпы орта білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасындағы «Қайрат оқулары» патриоттық- шығармашылық байқауы жаңа форматта қашықтықтан жоғары деңгейде өтті. Аталмыш байқауға 5,6,12,16,18,19,20,22,23,26,29,34,35,37,39,42,44,45,46,47,48,49, Меновное орта мектебі, «Ново-Троицк негізгі орта мектебі», «№3 кешкі мектеп» қатысты. Қатысушылар тарапынан байқауға деген ерекше қызығушылық, талпыныс, белсенді азаматтық ұстаным, тамаша шығармашылық серпін, патриоттық рух байқалды. Бұл патриоттық іс-шара өскелең ұрпақты өз Отанына деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелейді, тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары Сабира Мұхаметжанова, Ляззат Асанова, Ербол Сыпатаев және Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековты еске алып, қастерлі «тәуелсіздік» ұғымын қадірлеуге және ел тарихын білуге үйретеді.
Байқау барысында оқуы орыс тілінде жүретін мектептерде мемлекеттік тілді қолдану аясының өсу серпінін де ерекше атап өтуге болады. Оқушылардың қазақ ұлттық мәдениетіне деген қызығушылығы, Қайрат Рысқұлбековтың шығармаларына деген саналы көзқарасының артылуы байқалып отыр. Бұл да біз үшін үлкен жетістік, мәртебе, мақтаныш!
Байқаудың мақсаты: Халық қаһарманы Қайрат Рыскұлбековтың ерлігі, Желтоқсан оқиғасының тарихы арқылы өскелең ұрпақты өз Отанына деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын сыйлауға, қазақстандық жаңа сезімдегі патриотизмге тәрбиелеу.
Байқаудың номинациялары:
· «Үздік шығарма»
· «Үздік Қайрат Рысқұлбековтың өлеңі»
· «Үздік авторлық өлең»,
· «Үздік тележурналистика»
Қазылар алқасының шешімі бойынша 4 номинация жүлделі орындар келесідей болды:
«Тележурналистика» номинациясы бойынша
Гран- при- 10 «В» сынып оқушысы Шаймуратова Дильназ Бейбітқызы
«№ 45 орта мектебі»
І орын- 9 «А» сынып оқушысы Амангелді Мирас, «А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
ІІ орын- 9 «Б» сынып оқушысы Амангелді Әдемі, «№ 49 орта мектебі»
ІІІ орын- 9 «А» сынып оқушысы Кушнир Владимир, « №18 орта мектебі»
«Қайрат Рысқұлбековтың үздік өлеңі» номинациясы бойынша
Гран- при- 9 «Р» сынып оқушысы Бондарь Алина, «№19 қосымша білім беру мектеп орталығы»
І орын-11 «Т» сынып оқушысы Федянин Вадим, «№34 мектеп-лицейі»
І орын 11 «М1» сынып оқушысы Кенжебаев Жандос, «№46 орта мектебі»
ІІ орын- 9 «Г» сынып оқушысы Жанашева Дильназ, «№35 орта мектебі»
ІІ орын- 10 «А» сынып оқушысы Мұқаметрақымова Ділдә, «Меновное орта мектебі» КММ
ІІІ орын- 9 «Ә» сынып оқушысы Тұрсынтайұлы Еламан «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ
ІІІ орын- 9 «А» сынып оқушысы Ришатқызы Аида «Ново-Троицк негізгі орта мектебі "КММ
«Үздік шығарма» номинациясы
І орын-11 «А» сынып оқушысы Пасюра Руслан«№ 18 орта мектебі "КММ
І орын- 11 «Г» сынып оқушысы Тұрғанбаев Темірлан «№ 42 орта мектебі "КММ
ІІ орын-11 «К» сынып оқушысы Омарханов Рустам Джемарович «№3 кешкі мектебі "КММ
ІІІ-орын- 10 «Б» сынып оқушысы Полякова Валерия «№ 19 қосымша білім беру мектеп - орталығы» КММ
ІІІ-орын- оқушысы Яроцкая Софья «№30 жалпы білім беретін мектебі "КММ
Номинация «Үздік авторлық өлең»
Гран-при –9«Б» сыныбының оқушысы Жамбылов Ильяс «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»КММ
І-орын- 11 «А» сынып оқушысы Қабиолданов Рафат «№ 48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ
І-орын- 10 «А» сынып оқушысы Нұрлыбекова Дильназ «Меновное орта мектебі» КММ
ІІІ-орын- 9 «А» сынып оқушысы Муродова Азиза «№30 жалпы білім беретін мектебі»КММ
ІІІ-орын- 9 «Б» сынып оқушысы Дубровина Наталья «Ново-Троицкое негізгі орта мектебі "КММ
Қазылар алқасының жұмысы барысында оқушылардың тамаша шығармашылығына ерекше номинациялар белгіленді.
«Поэтикалық рухтың энергиясы. Энергия поэтического духа» номинациясы бойынша:
- 11М сыныбының оқушысы Дараев Евгений«№37 көпбейінді орта мектебі "КММ
«Актерлік шеберлік. Актерское мастерство» номинациясы бойынша:
- 10 «Б» сыныбының оқушысы Павлов Денис «№30 жалпы білім беретін мектебі "КММ
- 10 «А» сыныбының оқушысы Балашова Виолетта «№12 мектеп-гимназияся "КММ
«Шығармашылық ізденіс. Творческий поиск» номинациясы бойынша:
- 11 «Б» сыныбының оқушысы Панов Егор «№ 30 жалпы білім беретін мектебі "КММ
- 11 «А» сыныбының оқушысы Алипкан Санжар «№ 48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ