«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Тәрбие және білім» бағытын жүзеге асыру барысы жайлы
2021 жылдың 27 қаңтарында қалалық білім беру бөлімінде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Тәрбие және білім» бағытын жүзеге асыру барысы жайлы» мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өтті.
Мақсаты: Әдістемелік, ұйымдастырушылық жұмыс нысандарын практикалық қолдану арқылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасау.
Семинар барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары №46,38,24 қала мектептерінің жұмыс тәжірибесімен танысты Семинарға қатысушылар онлайн режимінде «№46 орта мектебі» КММ-не қонақта болды. Аталмыш мектептің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» 6 тұжырымдамалық бағыты бойынша бірыңғай модель құрып, азаматтық-патриоттық құндылықтармен жасап жатқан тың жұмыстары атап өтілді.
«Ұлы даланың жеті қыры», «Мәңгілік ел» ұлттық идея жалпы мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру арқылы, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» жалпы мектептің көркемдеу стилі мен кабинет дизайнында ұсынылған.
Лев Гумилев атындағы №38 мектеп-гимназиясы «Рухани жаңғыру» кабинетінің біртұтас жұмысын ұсынды. Бұл мектеп белгілі тұлғаларды, құрметті азаматтарды, шетелдік қонақтарды шақыра отырып, мектептің «Ай қонағы» жобасын жоғары деңгейде өткізіп отырғаны жайлы атап өтуге болады.
№24 орта мектебі «Рухани жаңғыру» кабинетінің ағымдағы жұмысын көрсетті. «Рухани жаңғыру» кабинеті конференц-зал түрінде жасалған, техникалық құралдармен және интерактивті тақтамен жабдықталған.
Осы мектептердің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдауға арналған кабинеттерінде қабырғалық ақпараттар және әдістемелік әдебиеттер де бар.