Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Сфера" қашықтан оқыту платформасының тұсаукесері өтті

2021 жылғы 10,12 ақпан күндері  Өскемен қаласының  мектептері директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары  "GuardEX-Qazaqstan" ЖШС өкілдері  әзірлеген  "Сфера" қашықтықтан оқыту платформасын таныстыру бойынша вебинарға қатысты.

Вебинарға қатысушылар платформаның келесі жағымды жақтарын атап өтті: платформаны қолдану өте оңай, осы платформаға шектеусіз қол жетімділік, ZOOM сияқты балаларға сілтеме қажет емес, трафик аз, тек тіркелген қатысушылар  кіруге мүмкіндігі бар, оқушыға тақтаға жазба жасау мүмкіндігі, бұл платформа ақырына дейін шифрлаумен қорғалған.

Өскемен қаласының 3 мектебі (О.Бөкей атындағы № 44 лицей, №27  ОМ,     № 37 көпсалалы орта мектеп) "Сфера" қашықтық платформасын апробациялау бойынша пилоттық жобаға кірді.