Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі
2021 жылғы 8-11 ақпан аралығында Өскемен қаласының мектептерінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау.
Қалалық кезеңге мектепішілік олимпиада жеңімпаздары 1457 оқушы қатысты.
Олимпиаданың әділқазы мүшелеріне облыстың жоғары оқу орындарының ғалымдары, жоғары санатты мектеп мұғалімдері кірді.
Жеңімпаздарды, олардың ұстаздарын, ата-аналарын жүлделі орындармен құттықтаймыз. Қалалық кезеңнің 1 орын иегерлері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады. Оларға сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!