Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«ІТ жоба 2021» жобалар сайысы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 23 - 26 ақпан аралығында Өскемен қаласында жыл сайынғы «Smart Еducation-Өскемен 2021»  ІТ – форумы өткізіледі.  ІТ – форумның конкурстық іс шараларының бірі - «ІТ жоба 2021»  жобалар сайысы  2021 жылдың 23 ақпанында білім беру бөлімінде өткізілді.

Байқаудың мақсаты: балалардың зерттеу дағдыларын дамыту және зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған үздік IT-шешімдерді анықтау және қолдау. Байқау екі кезеңнен  тұрды: іріктеу және ZOOM платформасы арқылы өткен онлайн кезең. Байқауға қатысуға  30-дан астам оқушы өтінім берді. 12 үздік жоба екінші кезеңге өтті. Қатысушылар өздерінің инновациялық идеяларымен бөлісіп, құзыретті қазылар алқасының алдында ІТ - жобаларын қорғады. ІТ-жобалар байқауының жеңімпаздары 2021 жылғы 11 наурызда өтетін «Smart Еducation-Өскемен 2021»    ІТ – форумының қорытынды салтанатты шарасында марапатталады.