Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

14+ жас санатында бағдарламалау бойынша "SKILLS FOR GEEKS" чемпионаты

2021 жылғы 24 ақпан күні қала мектептерінің 48 оқушысы, жас бағдарламалау данышпандары № 24 орта мектеп қабырғасында 14+ жас санатында бағдарламалау бойынша "SKILLS FOR GEEKS" чемпионатына қатысты. Іс - шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне арналды. Чемпионат "Smart Еducation – Өскемен 2021" ІТ-форумы аясында өткізілді.

Үш сағат ішінде жас зиялылар есептерді шығарып, комбинациялар мен алгоритмдерді таңдап, бағдарламалық кодтар жазды. Бағдарламалау бойынша чемпионаттың жеңімпаздары ІТ құзыреттіліктері бойынша "SKILLS FOR GEEKS" облыстық чемпионатына жолдама алады.