Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған, «Жер - біздің ортақ үйіміз» қалалық экологиялық брейн-ринг өткізу туралы
2021 жылғы 1 наурызда ШҚО Білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Жер - біздің ортақ үйіміз» атты қалалық экологиялық брейн-ринг іс-шарасын ұйымдастырды және өткізді.
«Жер - бұл біздің ортақ үйіміз» брейн-рингі мектеп командалары арасында жастардың шығармашылық әлеуетін іске асыруға жағдай жасау, сондай-ақ мектеп оқушылары арасында экологиялық интеллектуалды сайыстарды насихаттау мақсатында өткізіледі.
«Жер - біздің ортақ үйіміз» экологиялық брейн-рингі 3 кезеңде өтті: 1 тур - «Эрудит-гейм», 2 тур - «Қара жәшік» және 3 тур - «Білгірлер турнирі» (финал).
Брейн-рингке Өскемен қаласынан жалпы білім беретін 13 мектеп (№23, 26, 27, 34, 37, 38, 39, 42, 43,44, 45, 46, 49) қатысты. Жетекшілерінің қолдауымен 10-сыныптан барлығы 52 оқушы қатысты.
Брейн-рингте орындар келесідей бөлінді:
Бас жүлде - №38 мектеп-гимназия
1 орын –№34, 37
2 орын – № 45
3 орын - № 44, 49, 26, 23.