14+ жас санатында Arduino бағдарламалау бойынша "SKILLS FOR GEEKS" чемпионаты
Arduino бағдарламалау - 14+жас санатында қаланың 7 мектебінің оқушылары өз білімдері мен дағдыларын көрсеткен құзыреттердің бірі. Arduino -бұл робототехникада, ақылды үйде және т.б. қолдануға болатын бағдарламаланатын микроконтроллер. Оқушылар с++ тілінде бағдарламалап, бақыт батырмасын, жаңа жылдық гирлянданы, метеостанцияны құру мәселелерін шешті.
Қорытынды бойынша бірінші орынды № 2 орта мектебінің командасы, екінші орынды № 15 орта мектеп оқушысы, ал үшінші орынды Абай атындағы 33 орта мектебінің командасы иеленді.