14+ жас санатында 3D модельдеу у бойынша "SKILLS FOR GEEKS" чемпионаты
3D технологиясы бүкіл әлемде белсенді дамып келеді, оларды қолдану аясы, сондай-ақ модельдеу бағдарламалық жасақтамасы мен баспа материалдарының ассортименті қарқынды түрде кеңеюде. 25 ақпанда № 15 орта мектеп базасында 3D модельдеу, 3D басып шығару және көлемді техникалық және көркем шығармашылық саласында өз қабілеттерін одан әрі дамытуға көмектесу үшін, ең дарынды балаларды анықтау үшін 14+ жас санатында 3 D - модельдеуден чемпионат өткізілді. Қала мектептерінің 8 - 11 сыныптарының 49 оқушысы 3 D - моделін жасау саласында өз күштерін сынады. Осы құзыреттіліктің жеңімпазы № 34 мектеп - лицейінің командасы. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.