Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың  90 жылдығына  арналған «Жырлайды жүрек» атты қалалық байқау өтті

№ 37 көпбейінді орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 26 ақпан күні Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты қалалық байқау өтті.

Байқауға 8, 9,10 сынып оқушылары қатысты.  Ақынның шығармашылығы жайында таныстырылым  көрсетіліп, ақынның сөзіне жазылған әндері орындалып, өлеңдері оқылды.

«Жақсы сөзім - жаны игі халқым үшін» айдарында мәнерлеп оқу аталымы, «Жырлайды жүрек» айдарында ән айту аталымы, «Мұқағали - мәңгілік жыр» айдары  өлең жазу аталымы  бойынша өтті.