Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Ұлы дала жыршысы» атты бірыңғай күн өтті

Өскемен қаласының білім беру ұйымдарында 2021 жылдың 26 ақпанында қазақтың 100 жасаған ақыны Жамбыл Жабаевтің 175 жылдық мерейтойына байланысты «Ұлы дала жыршысы» атты бірыңғай күн аясында көптеген іс – шаралар өткізілді.

№ 2 мектепте «Ұлы Жамбыл» атты жас суретшілер байқауы, № 4 мектепте «Жыр алыбы - Жамбыл» кітап көрмесі, № 5 мектепте «Жамбыл - ғасыр ақыны» атты блинц - турнир, № 10 мектеп - гимназиясында «Жамбыл - ғасыр ақыны» сынып сағаттары, № 11мектеп - лицейінде 0 - 2 сыныптар арасында «Мен Жамбылды оқимын» атты  челлендж үш тілде № 12 мектеп - гимназиясында Жыр алыбы - Жамбыл Жабаев атты сынып сағаттары өткізілді. № 17 мектепте «Ленинградтық өренім» атты дебат, № 18 мектепте «Мен Жамбылды оқимын» челленджсі, № 20 мектепте «ХХ ғасырдың Гомері» викториналық ойыны, № 27 мектепте 3 - 4 сынып оқушылары арасында  «Zhambyl Zhabayev and children» постер байқауы, «Жамбыл Жабаев - великий акын - импровизатор казахского народа» атты әдеби калейдоскоп, № 44 лицейде «Жүз жыл жырлаған Жамбыл» атты әдеби - танымдық сабақ, № 49 мектепте «Field of dreams» интеллектуалды ойыны өткізілді.

Қаланың басқа да білім беру ұйымдарында көптеген іс - шаралар жоғары дәрежеде өтті.