Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Авторлық бағдарлама жазуға қойылатын негізгі талаптар» атты вебинар

2021 жылдың 2 наурызында қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Зульфира Сатыбалдиновна Скакова қаланың қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдері үшін «Авторлық бағдарлама жазуға қойылатын негізгі талаптар» атты вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты: қала мұғалімдеріне авторлық бағдарлама жазудың құрылымы мен оған қойылатын негізгі талаптарды түсіндіру.

Вебинар барысында қала мұғалімдері «Авторлық бағдарлама дегеніміз не?» - деген сауалдан бастап,  «Әдебиеттер тізімі» қалай жазылатынына дейінгі барлық қажетті материалдармен танысып өтті.

Сонымен қатар авторлық бағдарлама жазудың құрылымына толық тоқталып, оның әрбір бөлігі туралы құнды деректер алды.

Вебинар жоғары дәрежеде өтті.