«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Тәрбие және білім» бағыты бойынша «№ 46 орта мектебі» КММ педагогикалық ұжымының "Ұлттық тәрбие-ұлағат көзі" тәрбие жобасының инновациялық тәжірибесін тарату» жайлы онлайн режимінде өткен қалалық деңгейдегі семинар.
2021 жылдың 26 наурызында Өскемен қаласының білім бөлімінің әдіскері Ж.К Женабаеваның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Тәрбие және білім» бағыты бойынша ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «№ 46 орта мектебі» КММ –сі бәсекеге қабілетті педагогикалық ұжымының "Ұлттық тәрбие-ұлағат көзі" тәрбие жобасының инновациялық тәжірибесін тарату» жайлы онлайн режимінде жаңа форматта қалалық деңгейдегі семинар өтті.
Семинарға қала мектептерінің директорлары мен тәрбие жұмысы меңгерушілері қатысты. Семинар барысында модератор Женабаева Ж.К ұлттық тәрбиенің мән-мағынасы мен құндылықтарына көп көңіл бөліп, өзектілігі жайлы айтты. Осы орайда ұлттық тәрбие берудегі өзіндік ерекшелігі мен нәтижелігі бар инновациалық жолмен келе жатқан бәсекеге қабілетті ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» педагогикалық ұжымының озық іс-тәжірибесін баршаға паш етті.
Аталмыш мектептің «Ұлттық тәрбие-ұлағат көзі» тақырыбында иновациалық озық тәрбие жұмысының жобасын қазақ және орыс тілдерінде мектептің көшбасшысы, директоры- Ауғанбаева Гульфарида Базарбаевнамен қоса оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдрахманова Аида Ержановна таныстырды.
«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының мақсатына сүйене отыра, осы мақсатты мектептің тәрбие мақсатына айналдырып, біртұтас ұлттың бәсекеге қабілетті, сындарлы, күшті, шығармашылық, патриот және белсенді тұлғасын қалыптастыру, жетістікті болашақтың іргетасы -тәрбие мен білім беру ғұрпы болып табылатыны жайлы айтты.
1. "Дәстүр мен әдет - ғұрып" жобасы – сынып жетекшілерінің дәстүрлі "Ұрпақты тәрбиелеу-ұлт болашағы" онкүндігі. Мақсаты: мектеп оқушыларын ізгілікке, адамгершілікке, патриотизмге және туған жерге, халыққа және кіші отанға деген құрметке үйрету.
2. "Білім және тәрбие тынысы" жобасы - мақсаты: ұлдардың бойына ұлылық пен адамгершілік сезімін сіңдіру, мықты азаматты тәрбиелеу. Жоба аясында "Ұлы ұрпақ ұлдары" үйірмесі мен әкелер мектебі құрылды.
3. "Өлкеңді таңы-Знай свой край" өлкетану жобасы-мақсаты: өскелең ұрпаққа туған өлкенің ұлттық құндылықтарын құрметтеуге баулу, адам-туған жердің ұлы, сол даланың, сол жердің бөлшегі екенін ұғыну. Осы жобаны жүзеге асыру үшін оқушылармен "Ақбауыр", "Жидебай" қорықтарына экскурсиялар өткізіледі.
4. "Қайырымдылық-адамзаттың ерекше қасиеті" жобасы-мақсаты: ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға қайырымдылық көмек көрсету. "Жүректен жүрекке" акциясынан кейін мерекелік концерт өткізіліп, кәсіпкерлерге алғыс хаттар мен грамоталар табыс етіледі.
5. Дебат клубы. Тарих пәнінің мұғалімі Дастан Фархатұлының бастамасымен мектепте оқушыларды заманға сай, қоғамдағы өзекті тақырыптарды талқылауға үйретеді.
6. «Абайтану» жобасы- Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық. Осы құндылықтардың барлығы мектепте «Абайтану» бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Семинар қорытындысы бойынша кері байланыс жасалып, сындарлы диалог барысында «№ 46 орта мектебі» КММ педагогикалық бәсекеге қабілетті ұжымының "Ұлттық тәрбие-ұлағат көзі" тәрбие жобасының инновациялық тәжірибесі жоғары деңгейде бағаланып, оң бағасын алды. Бұл инновациалық тәрбие жобасының озық тәжірибесі «Білім берудегі инновациалар» республикалық журналына басылымға шығатыны жайлы айтылды.