Түлектерді ҰБТ-ға дайындау бойынша көктемгі Кіші Академия
2021 жылғы 30-31 наурыз аралығында Өскемен қаласының білім беру бөлімінің жоспары бойынша көктемгі Кіші академия шеңберінде онлайн режимінде "Алтын белгі" және Үздік аттестатқа үміткер 11-сынып түлектері үшін міндетті пәндер мен таңдау пәндері бойынша ҰБТ-ға дайындық бойынша сабақтар өтті.
Сабақтарды қалалық мектептердің тәжірибелі психологтары Журбаева М.К. (№5 ом), Боровикова А.С. (№37 ом), Кемелбаева Н. Л. (№42 ом), Кабдыргалиева Г. А. (№32 ом) дайындаған психологиялық тренингтен бастады.
Сабақ барысында түлектер ҰБТ пәндері бойынша тест тапсырмаларының ерекшеліктерімен танысты, логикалық есептерді шешудің түрлі тәсілдерін талдады. Осының барлығы оқушыларға ҰБТ дайындаудағы өз қызметінде алдағы қадамдарды белгілеуге мүмкіндік берді.
Математика мұғалімдері Смольникова С.Ю. (№29 ом), Звонцова С.М. (№36 ом), Актанова Л.К. (№42 ом), Амирова К. Ж. (№46 ом), физика мұғалімдері Тлеуханова Ш. С. (№47 ом), қазақ тілі мұғалімдері Канкетаева Н. К. (№35 ом), Абдрахманова М. М. (№1 ом), тарих мұғалімдері Жданова Н. С. (№2 ом), Есенбаева Ш.З. (№35 ом), орыс тілінен Кудрявцева Е. А. (гим. № 38), ағылшын тілінен Мухаметрахимова Р.Ж.( № 44 лиц.), Мазницына Н.Г. (№37 ом), химия пәнінен Нургендирова А. О. (№3 мл), Толежанова О.В. (№ 37 ом), география пәнінен Вютерих И.Т. (№ 42 ом), Сыгаева Г.Т(№3 мл), биология пәнінен Калимулина Е.Н. (№7 ом), Жуманова Б.А. (№1 ом) сабақтары жоғары пікір алды.
Оқушылардың мұғалімдермен кездесулері қолайлы, достық жағдайда өтті. Оқушылар сұрақтар қойып, талқылауға қатысып, тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылардың пікірінше, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек.