Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Skills For Geeks" облыстық чемпионаты

Бүгін 2021 жылдың 8 сәуірінде 5-11 сынып оқушылары арасында 10+ және 14+ жас санаттары бойынша бағдарламалау, 3D-модельдеу және робототехника бойынша "Skills For Geeks" облыстық чемпионаты басталды. Чемпионат білім басқармасы орынбасарының алғы сөзімен және Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандары командаларының таныстырылуымен басталды. Жарысқа 25 команда қатысады. Өскемен қаласынан 2021 жылдың ақпан айында өткен IT-құзыреттер бойынша қалалық чемпионаттың жеңімпаздары, қала мектептерінің 12 оқушысынан құралған құрама команда қатысады. 8 сәуірде 3D-модельдеу және бағдарламалау құзыреттіліктері бойынша чемпионат өтеді. 9 сәуірде робототехника бойынша чемпионат өтеді. Чемпионат онлайн режимде № 46 орта мектеп базасында өтуде. Қатысушыларға сәттілік пен чемпионатта жеңіс тілейміз!