Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Сыр-сұхбат» жобасы аясында кездесу өтті

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің № 27 орта мектебі» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Патриот» патриоттық тәрбие айлығы жоспарына сәйкес 2021 жылдың 13 сәуірінде «Сыр-сұхбат» жобасы аясында «Жас сарбаз» және  11 сынып оқушыларының қатысуымен «Застава тарландары» ардагер-шекарашылардың республикалық қоғамдық бірлестігінің ШҚО бойынша филиалының төрағасы, запастағы подполковник Фролов И.В кездесу өткізілді.

Оқушылар  шекара қызметі және шекарашы-офицерлерінің жетістіктері, Қазақстан Республикасының қарулы күштері туралы көптеген қызықты мәліметтер алды, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. 

Кездесу соңында И.В.Фролов «Тарландары заставасы» қоғамдық бірлестігінің вымпелін және генерал-лейтенант Б.Закиев туралы «Шекараға арналған өмір жолы» кітабын тапсырды.