Қала мектептерінде дебаттық турнирлер өтті
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2021 жылдың 7 және 15 сәуірінде дебаттық турнирлер ұйымдастырылып, өткізілді. "Ұшқыр ой алаңы" республикалық пікірталас қозғалысының ұсынылған тақырыбына сәйкес, № 44 және 47 мектеп оқушылары "Бұл палата қашықтан оқу жүйесінің зияндығынан пайдасы көп деп есептейді" тақырыбы бойынша өз көзқарастарын ұсынды. Сондай-ақ, № 2 және № 17 мектептердің 9-сынып оқушылары "Бұл палата қашықтықтан білім беру зияннан гөрі көп пайда әкеледі деп санайды" тақырыбындағы турнирге қатысты. Пікірсайыс АПФ (американдық пікірсайыс форматы) жаңа форматында өтті. Оқушылар берілген тақырып бойынша жақсы білімдерін, шешендік өнерін, көшбасшылық қасиеттерін көрсетті, өз ұстанымын сауатты дәлелдеді.