Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Елбасы» медалінің иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімімен 2021 жылдың 15 сәуірінде «Зерек» орталығының базасында «Елбасы» медалінің иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.

Бағдарлама жастарға эмоционалды зияткерлікті, көшбасшылық қасиеттерді, жауапкершілікті, өзін-өзі басқаруды, өзгеретін жағдайларға бейімделу қабілетін, коммуникабельділікті, командада жұмыс істей білуді қалыптастыруға көмектесу үшін 2020 жылдың маусым айында іске қосылды.

Медальдар жеті бағыт бойынша берілді:   спорт, таланттар мен дағдыларды дамыту, кітап оқу, волонтерлік қызмет, ұлттық мұра, туристік жорықтар және еңбек практикасы. Қаланың  № 3, 12, 16, 17, 23, 27, 39, 43, 44, 46, 47, 48 мектептерінен 15 оқушы қатысып, жоба бойынша барлық тапсырмалардан өтіп, «Елбасы» медалінің иегерлері атанды.

«Елбасы» медалін Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімі басшысының м. а. С.Б.Алагузова табыс етті.

Жүлдегерлерді құттықтаймыз, сәттілік, амандық және үлкен жеңістер тілейміз!