Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Smart Еducation - Өскемен 2021» қалалық ІТ форумының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында білім бөлімі «Smart Еducation-Өскемен 2021» ІТ-форумын өткізді. Форум аясында «ІТ жоба 2021» ІТ жобалар байқауы, 3D модельдеу, бағдарламалау, Arduino-да бағдарламалау, робототехника ІТ- құзыреттер бойынша "Skills for Geeks" чемпионаты іс-шаралары ұйымдастырылды.

2021 жылғы 15 сәуірде «Зерек» орталығының базасында «Smart Еducation-Өскемен 2021» ІТ – форумының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Білім бөлімі басшысының м. а. С. Алагузова алғы сөз сөйледі.

ІТ-форум жүлдегерлері білім бөлімінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Көрсетілген демеушілік көмек үшін "КазЦинк" ЖШС-не ерекше алғыс білдіреміз "Қазмырыш" ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры А. Лазарев 3D модельдеу және робототехника ІТ-құзыреттер бойынша "Skills for Geeks" чемпионатының жеңімпаздарына  жүлделі сыйлықтар  табыс етті.

ІТ-форум жеңімпаздарын құттықтаймыз және оларға табыс пен алдағы жеңістер тілейміз!