Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Волейболдан Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық Мектеп лигасының жарыстары өтті

ШҚО ББ ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 5-16 сәуір аралығында Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында ұлдар мен қыздар арасында волейболдан Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық Мектеп лигасының жарыстары өтті.

Мақсаты:  ҚР балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және насихаттау, оқушылардың рухани қуатын, адамгершілігін, патриотизмін тәрбиелеу.

Жарысқа аудандық/қалалық және мектепішілік іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары - 5-11 сынып ұлдарының (5-6 сынып, 7-8 сынып, 9-11 сынып) командасы және 9-11 сынып қыздарының командасы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша  «Үздік шабуылшы» аталымына  № 10 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Дмитриева Варвара ие болды.

Қыздар арасында 2 орынды  № 10 мектеп-гимназиясының командасы жеңіп алды.