Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Мектеп жасына дейінгі балалар арасында робототехника бойынша «Робобүлдіршін» қалалық алғашқы жарысы

2021 жылдың 17 сәуірінде «Зерек» креативті білім беру орталығында Жас техниктер станциясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мектеп жасына дейінгі балалар арасында робототехника бойынша алғашқы «Робобүлдіршін» қалалық жарысы өтті.

Іс-шараның мақсаты-Өскемен қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында робототехника мен бағдарламалау негіздерін насихаттау және дамыту.

 Аталған жарыстарды ШҚО білім басқармасының «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ ұйымдастырды

Жарыс екі санат бойынша өткізілді:

1.   Қатысушыға қарапайым сурет беріледі, ол Matatalab роботына бағдарлама жасауы керек. Робот суретті қайталауы керек.

2.  Бұл кезеңде қатысушылар картада белгіленген маршрут бойынша дұрыс бағдарламаны жасай отырып, мәреге дейін жылдамдықпен жүруі керек. Бағалаудың негізгі критерийлері – өту уақыты мен дұрыс орындалуы.

Жарысқа 15 жас робототехника қатысты. 

Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1орын- Мұхтар Нұрәділ (КМҚК «№15 «Рахат Балабақша-Бөбекжайы»)

2орын- Полякова Агата («Баланы дамыту орталығы» мекемесі)

3орын- Жеңісұлы Нұрәділ (КМҚК «Нұршуақ Балабақша-Бөбекжайы»)

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!