Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«11 сынып білім алушыларын «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ерекшелігі» атты тақырыпта вебинар

21 сәуір 2021 жылы орыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдеріне арналған «11 сынып білім алушыларын «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ерекшелігі» атты тақырыпта вебинар болып өтті.

Вебинарды білім бөлімінің әдіскері З.С.Скакова және № 9 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі А.З.Карагаева ұйымдастырды.

Вебинар барысында А.З.Карагаева мұғалімдерге тест мазмұны, тапсырмаларының мақсаты, формалары, саны, бағалау үрдісі, жазылымға арналған тест тапсырмаларының мақсаты туралы терең түсінік беріп, мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді.

З.С.Скакова жалпы қала бойынша 11 сынып білім алушыларын қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің өзіндік қиыншылығына тоқтала отырып, шешу жолдарын көрсету мақсатында өз ұсынысын ортаға салды.

Вебинар өте жоғары деңгейде өтті.