«Білім беру ортасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» атты семинар-практикум
2021 жылғы 23 сәуірде әдіскер А.Д.Нугумарованың басшылығымен Өскемен қаласының қазақ тілінде білім беретін мектептердің педагог -психологтарына арналған «Білім беру ортасында суицидтік мінез - құлықтың алдын алу» тақырыбында вебинар - практикум ұйымдастырылды және өткізілді.
Қала мектептерінің тәжірибелі педагог - психологтары: М.Н.Серікбаева («№ 20 орта мектебі» КММ), А.Т.Хизина («№ 43 мектеп - лицейі» КММ), А. С.Абдолдина («№ 22 орта мектебі» КММ) өз тәжірибелерімен бөлісті. Мұғалімдер білім беру ортасында суицидтің алдын-алуды басшылыққа алатын диагностика блогы мен түзету жұмыстарының бағыттарын ұсынды. Пікірталас алаңы, өзекті мәселелер талқылау ұйымдастырылды.