Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Алаш партиясы-Мәңгілік Ел идеясы» атты ғылыми жобалар сайысы

28 сәуір күні Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Алаш партиясы-Мәңгілік Ел идеясы» атты 7,8 - сыныптар арасында ғылыми жобалар сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: бүгінгі Тәуелсіздігіміздің негізі Алаш идеясында жатқандығын, яғни ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде Алаштың аманатын санамызға, ұрпақ бойына сіңіру. Ғылыми жобаға 7,8 – сынып  оқушылары қатысты. Оқушылар ғылыми жоба талаптарына сай дайындалған. Тақырыпты аша отырып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Тәуелсіз сарапшылардың шешімі төмендегідей болды:

1-орын-Қызырбекова Айым,8 А

2-орын-Оспанова Карина,7 В

2-орын-Келешекұлы Мансур,7 Б

3-орын-Сағынбаева Еркенұр,7 А

3-орын-Смағұлова Айым,8 Б

3-орын-Алмазқызы Жанерке,8 В

Келешекте,  оқушыларымыздың бұдан биік шыңдардан көрінетініне сеніміміз мол!