«Жандану» қалдықтардан жасалған қолөнер бұйымдарының байқауы өтті
Экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығы аясында 28.04.21 жылы ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша "45 орта бейіндік мектебінің" 1-4 сыныптар арасында «Жандану» қалдықтардан жасалған қолөнер бұйымдарының байқауы өтті.
Мақсаты: Күнделікті тұрмыстық қалдықтарды қайтадан жандандыру, жаңа өмір сыйлау.
Бүгінде біз тұрмыстық қалдықтармен бірге қолөнердің барлық түрлеріне арналған әлеуетті сынықтарды тастаймыз. Сол заттарды тастамай басқа заттар жасап шығаруға болады.Түрлі пластикалық бөтелкелер, қораптар мен контейнерлер, тығындар, сабалар, кеселер, бір рет қолданылатын ыдыс-аяқтар және қарапайым қағаздар - қайта өңдеуге жарамды.Бастауыш сынып оқушылары ата-аналарымен, сынып жетекшілерімен бірге бұл тапсырманы қызыға орындады.