Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Жас қозғалыс жол инспекторы   2021" сайысы өтті

ЖПБҚ, Қазақстанның қызыл ай ұйымы, ҚБББ және әдіскері Джампеисов А.К. басшылығымен бірлесе ұйымдастырған "Жас қозғалыс жол инспекторы   2021" сайысы өз мәресіне жетті. Биыл сайыс пандемияға байланысты  жалпылай емес, адам санының шектеулермен,  санитарлық талаптардың орындай отыра "Ақ жол" жасөспірімдер мен балалар штаб клубы базасында арнайы құрылған график бойынша өтті. Әдеттегі 8 сайыстың тек 4- ғана яғни "жас реттеуші", "жас эрудит", "жас санитар", және "жол ережелер білгірі" атты сайыстар өтілді. Конкурсқа қала мектептерінің барлығы дерлік бақтарын сынады. "45 орта бейіндік мектебінің" КММ жас қозғалыс инспекторлары Зарыққанов Расул, Қорғау Дильназ, Оразбекова Сағыныш, Жарасова Аруна мектеп намысын қорғады. Мектебіміз қала  мектептері  ішінде алдығы ондыққа ие болды. Жол ережесі барлығымызға ортақ, ал оны сақтау жалпыға міндет.