Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен әдістемелік сағат
2021 жылғы 5 мамырда Өскемен қаласының білім беру бөлімінің жоспары бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен "2020-2021 оқу жылында 9, 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу" тақырыбында онлайн режимінде қалалық әдістемелік сағат өтті. Семинар барысында ҚӘК меңгерушісі А.З. Нурпеисова 9, 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарының мазмұнымен таныстырды. Кітапхана қоры бойынша әдіскер Т.В. Лисянских "Оқитын мектеп" республикалық жобасының жүзеге асырылуы туралы айтып берді. Г. А. Дурдыева М. Әуезов атындағы № 17 орта мектепте "Оқитын мектеп" жобасын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берді. Семинар қорытындысы бойынша түлектерді қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарын күшейту туралы ұсыныстар берілді.