«Ұшқыр ой аланы» республикалық пікірсайыс қозғалысы
«Ұшқыр ой аланы» республикалық пікірсайыс қозғалысы ұсынған тақырыпқа сәйкес Өскемен қаласының білім бөлімі 2021 жылдың 5 мамырында № 10 және 34 мектептер арасында «Бұл палата бірінші сыныптан бастап қазақстандық мектептерде үштілділікті енгізуді қолдайды».Ойынның жүргізушісі және төрешісі - пікірсайыс қозғалысының аймақтық штабының мүшесі А.Т. Маутканова. Айжан Турсунгалиевна ойын басталысымен ойын жүргізу форматын түсіндірді, жеребе өткізді. Ал оқушылар американдық форматта дебат ойынын өткізді. № 34 мектеп-лицейінің спикерлері жақсы дайындалып, зерттеулер жүргізді және өз ұстанымдарын дәлелдермен қорғай алды. Бұл ойында № 34 мектеп-лицейінің оқушылары жеңіске жетті.