Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

9, 11сыныптардың жазба жұмысына қойылатын талаптар

2021 жылының  мамыр айының бесінші жұлдызында «№ 47 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде  «9, 11сыныптардың жазба жұмысына қойылатын талаптар» атты вебинар өтті.

Вебинардың мақсаты: қорытынды аттестаттауға байланысты  9, 11 сыныптарда өтілетін жазба жұмыстарына қойылатын негізгі талаптармен, эссе жазудың құрылымы туралы нақты ақпараттармен таныстыру.

Вебинар барысында «№ 47 жалпы білім беретін мектебі»   КММ-нің мұғалімі М.Т. Мергазина,  «Құмаш Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейі»  КММ-нің мұғалімі Ә.Н.Токенова  өз іс - тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинарға қала мектептерінің қазақ тілі пәні мұғалімдері қатысып, өздеріне қажет ақпаратпен танысты. Өткізілген шараның тиімді, пайдалы, маңызды екенін айтты. Қатысушылар өз   пікірлерін білдіріп, ойландырған сұрақтарына жауап алғандарын алға тартты.

Қала мұғалімдері өткізген әріптестеріне алғыс білдірді.