"Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру" тақырыбында қалалық семинары өтті
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2021 жылдың 20 мамырында "Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру" тақырыбында қалалық семинары өтті. Семинар-практикумның мақсаты: педагогтердің шығармашылық әлеуетін, олардың экология саласындағы құзыреттілігін дамыту; педагогтердің экологиялық бағыттағы сабақтарды іріктеуде, ұйымдастыруда және өткізуде кәсіби шеберлігін арттыру. Семинар тақырыбы өзекті. Семинарға қаланың балабақша тәрбиешілері қатысты. № 15 "Рахат" балабақшасының тәрбиешілері М.А. Казиева, К. Р. Джансеитова, А. Ж. Жеңісханова балалармен және олардың ата-аналарымен экологиялық тәрбие бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды. Семинардың қорытындысын шығару кезінде қатысушылар өз пікірлерінде қызықты және өнімді материал үшін алғыстарын білдірді.