Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы
22.05.2021 күні ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы білім беру бөлімі бойынша «Ахмер орта мектебі» КММ жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа мектеп бойынша барлық 22 сынып қатысты.
Жиналыс онлайн форматта, екі бөлімде өткізілді.
1 бөлім – жалпы (сынып жетекшінің ата-анамен жалпы ұйымдастыру мәселелерін талқылауы: 2020-2021 оқу жылының қорытындысы, оқу жылының аяқталуы бойынша іс-шаралар (соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші) жазғы мектепті ұйымдастыру, келесі оқу жылына арналған мектеп формасы мәселелері және т.б.).
2 бөлім - ата-аналарды ZOOM платформасына кезек-кезек қосу арқылы педагогтермен жеке сөйлесуі.
Қажеттілікке қарай ата-аналар әр педагогке жеке қосылуға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, педагогикалық консилиумге педагог-психолог педагог қатысты.